Семей ядролық полигоны бойынша виртуалды экспедицияға қош келдіңіз!

Сен ХХ ғасырдың ең құпия және қайғылы аумақтарының бірі — бірнеше ондаған жылдар бойы жариялап айтуға болмаған тарихи оқиға орын алған жерге саяхатқа аттанғалы тұрсың.

Мұнда сен жай ғана көрермен емессің – нағыз зерттеушісің. Экспедиция саған бірегей мүмкіндік береді: неге осындай жойқын қаруды жасау қажет болды; ядролық жарылыстардың қасында өмір сүрген адамдар қалай күн кешті; неге дала көп сыр сақтайтынды; қираған жер кейін қалай үміт пен бейбітшіліктің нышанына айналды.

Жолға шығар алдында сен міндетті түрде «Рұқсат алу» кезеңінен өтесің. Бұл – бақылау пункті: мұнда сен негізгі ұғымдарды үйреніп, маңызды терминдермен танысып, экспедицияға шынайы ғалымдай дайындаласың.