Қарағанды облыстық Экологиялық Мұражайы (ЭкоМұражай) — ағарту және зерттеу жұмыстарының көп жылдық тәжірибесі бар тәуелсіз экологиялық ұйым. ЭкоМұражайдың бағыттарының бірі - Семей ядролық полигонының тарихи жадын сақтау және оның салдарын қайта қарау.
Импакт-әріптестік шеңберінде Alternativa Film Days ЭкоМұражай Семей полигоны туралы білім беру онлайн курсының алғашқы 4 модулін әзірледі. Олар қазірдің өзінде кең аудиторияға қолжетімді. Қазақстанның жаңа тарихындағы қайғылы оқиғалар жайында білім бағдарламаларының жетіспеушілігін толықтыра отырып, курс технологиялық прогресс, ядролық сынақтардың тарихы мен мұрасы, экология және орнықты даму сияқты тақырыптарға ғылыми-танымал көзқарасты ұсынады.
Біз тақырыптың маңызды аспектілерін тереңірек ашып, талқылауға қатысушыларды көбірек тарту үшін курсты жаңа модульдермен және интерактивті материалдармен толықтыра отырып кеңейтуді жоспарлап отырмыз.