АМБАССАДОРДЫҢ ЖАДЫНАМАСЫ

Сен тарихты есте сақтауға және экологиялық әділдікті ілгерілетуге көмектесе аласың!
  • Достарыңызға және жақындарыңызға айтыңыз
    • Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде курстың сілтемесімен бөлісіңіз.
    • Курс материалдарын бірлесіп қарауды ұйымдастырыңыз.
    • Неге маңызды екенін көрсету үшін жеке әңгімеңізді немесе эмоцияларыңызды пайдаланыңыз.
  • Оқу орындарында ақпарат беріңіз
    • Тарих, қоғамтану, экология және биология мұғалімдеріне курсты ұсыныңыз.
    • Ол туралы университеттік клубтарда, студенттік ұйымдарда және тақырыптық іс-шараларда айтып беріңіз.
    • Мектеп, колледж және ЖОО әкімшіліктерімен жадынамамен бөлісіңіз.
  • Әлеуметтік желілерде көмектесіңіз
    •  #СемипалатинскийПолигон #ЭкоМузей #AlternativaFilmDays хэштегтерін белгілеп өз аккаунттарыңызда курс туралы пост жасаңыз.
    • @ecomuseum.kz және @alternativa.film.ca белгілеңіз
    • Көптеген адамдар көре алатындай курс жайында ақпарат бөліскен сторис сақтаңыз.
  • Жергілікті шара ұйымдастырыңыз
    • Офлайн-кездесу, «Біз осында тұрамыз» фильмінің кино көрсетілімін немесе өз қалаңызда пікірталас өткізіңіз.
    • Егер мүмкіндік болса сарапшылар немесе куәгерлерді шақырыңыз.
    • Талқылау үшін курстың материалдарын пайдаланыңыз.
    • Кез келген жарна курсты аяқтауға және мектептер мен жоғары оқу орындары үшін әдістемелік материалдар жасауға көмектеседі.
    • ЭкоМұражайдың банк деректемелері бойынша тікелей аударыңыз.
    Қолдау
  • Басқа амбассадорларды тарту
    • Курс туралы өз аудиторияларына айта алатын таныстарды шақыр.
    • Белсенділермен, блогерлермен, журналистермен, оқытушылармен жадынамамен бөлісіңіз.     
неге ол маңызды?
Курстың амбассадоры - Семей полигоны туралы білімді таратуға көмектесетін, материалдармен бөлісетін, басқаларды талқылауға тартатын, маңызды экологиялық және тарихи тақырыптарға назар аударатын адам.

Амбассадор бола отырып, сен ядролық сынақтардың салдары туралы білімді бүкіл ел үшін қолжетімді етуге көмектесесің, демек - есте сақтауға және өткеннің қайғылы қателіктерін қайталаудың алдын алуға ықпал етесің.

Әлеуметтік желілерде бөлісу 

Байланыс контактілері
+7 7212 43 33 44
ecomuseum@ecomuseum.kz
Қарағанды, Бұқар жырау, 47

Әлеуметтік желілерде бізді қадағалаңыз: